Бельгия коменданттық сағат уақытын ұзартты

EPA-EFE/STEPHANIE LECOCQ
EPA-EFE/STEPHANIE LECOCQ
Қазіргі кезде Бельгия Еуропалық одақта коронавирусқа шалдығу динамикасы жағынан екінші орында тұр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бельгияда коменданттық сағат уақыты ұзартылды, мәдени орталықтар, спорттық клубтар жабылып жатыр. Брюссель басшысы Руди Вервут коронавируспен күресті күшейту бойынша жаңа шаралар енгізілетінін жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Биылғы 26 қазаннан бастап Бельгия астанасында коменданттық сағат кешкі 22.00-ден таңғы 06.00-ге дейін ұзартылды (бұған дейін сағат 00.00-ден таңғы 05.00-ге дейін қозғалысқа тыйым салынған еді). 

Барлық дүкендерге кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат. Супермаркеттер, сауда орталықтарына тек отбасының бір мүшесі ғана бара алады. 

Брюссельдің бүкіл аймағында енді маска тағу қайта міндеттелді. 

Барлық мәдени нысандар, кинотеатрлар, көрме алаңдары дүйсенбіден бастап жабық болады. 

Спорттық жарыстар тоқтатылды. Дегенмен, 12 жасқа дейінгі балалар үшін спорттық секцияларға баруға рұқсат етіледі. 

Қазіргі кезде Бельгия Еуропалық одақта коронавирусқа шалдығу динамикасы жағынан екінші орында тұр. Елде қауіпті вирус жұқтырудың 287700 оқиғасы тіркелген, соның ішінде 10658 адам қайтыс болған, 632 пациент терапия бөлімдерінде ем қабылдап жатыр. 

Еске сала кетейік, Еуропаның бірқатар елдері COVID-19 вирусына шалдығудың жоғары деңгейіне байланысты карантин шараларын күшейтуде.

Новости партнеров