COVID-19: «Қызыл» аймақта бір қала, «сары» аймақта алты өңір тұр

23.06.2021 19:16

23 маусымдағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы

Фото: ашық дереккөзден

23 маусымдағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы белгілі болды, деп хабарлайды Almaty.tv

Қазіргі таңда «қызыл» аймақта бір ғана өңір – Нұр-Сұлтан қаласы тұр. 

Ал «сары» аймақта Шымкент және Алматы қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Маңғыстау облыстары орналасқан. 

«Жасыл» аймақта: Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары.