28 мамырға жоспарланған 7877 кіреберіс (2860 үйде) және 1318 аула аумағы залалсыздандырылды
2020 жылдың 29 мамыр күнгі жағдай бойынша жалпыға ортақ қоғамдық орындарға дезинфекция жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Almaty.tv қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кіреберістер мен аулалар бойынша:
28 мамырға жоспарланған 7877 кіреберіс (2860 үйде) және 1318 аула аумағы 100% залалсыздандырылды.
Дезинфекция жұмыстарына 447 адам, яғни 64 бригада жұмылдырылды. Жұмысқа 75,2 мың литр дайын ерітінді қолданылды.
29 мамырдағы заласыздардырудың екінші күні жоспар бойынша 3038 үйдің 8363 кіреберісі мен 1440 аула залалсыздандырылды.
Жұмысқа 454 адамы бар 64 бригада тартылды.
Көшелер мен тротуарларды жуу және дезинфекциялау бойынша:
28 мамыр күні 5 077 мың шаршы метр көше, оның ішінде 653 сауда нысандарының, 42 медицина мекемелерінің, 3 қызмет көрсету нысандарының (Алатау ауданы– 65, Алмалы ауданы – 87, Әуезов ауданы – 37, Бостандық ауданы – 31, Жетісу ауданы – 100, Медеу ауданы – 75, Наурызбай ауданы – 66, Турксіб ауданы - 237) кіреберістері, кірмелері, іргелес жатқан аумақтары, 848 мың шаршы метр тротуарлар және 1118 басқа да нысандар, 208 контейнерлік алаң мен 992 контейнер өңделді. Аталған жұмысқа барлығы 85 дезинфектор тартылды.
Көшелер мен тротуарлар, сауда нысандарының, медицина мекемелерінің, қызмет көрсету нысандарының (кіреберістері, кірмелері, іргелес жатқан аумақтары) көше жәшіктері және одан басқа нысандарды (орындықтар, аялдамалар, жерасты және жерүсті жаяу жүргіншілер өткелдері) жуу және дезинфекциялау үшін:
– 150 бірлік арнайы техника (оның ішінде дезинфекцияға арналған 74 бірлік);
– 1209 жол жұмысшысы (оның ішінде 138 дезинфектор) тартылды.
575 мың литр ерітінді пайдаланылды (жұмыс басталғаннан бері барлығы – 23 329 мың литр ерітінді қолданылды).
Сонымен қатар, 1 297 контейнер алаңына дератизациялау жұмыстары жүргізілді. Жұмыс кестеге сәйкес жалғасуда. 8 бригада, 40 дератизатор жұмылдырылды.
Бір тәулік ішінде шығарылған қоқыс көлемі 1200 тоннаны құрады.
29 мамыр күнгі жоспарлы жұмыстар:
– 146 бірлік арнайы техника (оның ішінде 72 бірлік дезинфекцияға);
– 1214 жол жұмысшысы (оның ішінде 134 дезинфектор) тартылды.
Контейнер алаңдарын өңдеуге 12 бригада, 85 дезинфектор, 8 бригада және 40 дератизатор жұмылдырылды.