Медициналық жабдықтармен және медициналық бұйымдармен жабдықтау 100% құрайды
№8 қалалық емхананың бас дәрігері Фарида Ағыбаева Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-сұхбаты барысында персоналдардың пандемияның жаңа толқынына дайындығы, жеке қорғаныс құралдарының жеткілікті екені туралы айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Емхана қызметкерлерінің жұқтыруын болдырмау үшін медициналық персоналдың инфекциялық қауіпсіздігі сақталады, жеке қорғану құралдарын пайдалану: кию, алып тастау, кәдеге жарату бойынша нұсқама жүргізіледі.
Медицина қызметкерлері мен кіші медицина персоналы инфекциялық бақылау мәселелері — ЖҚҚ кию, шешу бойынша нұсқамадан өтеді, нұсқамадан өткені туралы журналға белгі және медицина персоналының жеке қолы қойылады.
«Медицина қызметкерлері үшін жеке кіру есігі, "лас" және "таза", жеке қорғаныс құралдарын киюге арналған орталықтандырылған кабинеттер ұйымдастырылған, әрбір құрылымдық бөлімше үшін ауысымды киім киюге арналған жеке кабинеттер бар», — деп атап өтті бас дәрігер.
Емхана қызметкерлері жеке қорғану құралдарының жеткілікті санымен: әр 2 сағат сайын бетперделерді ауыстыру есебінен бір рет қолданылатын маскалармен; әр пациенттен кейін ауыстыру есебінен бір рет қолданылатын қолғаптармен, бір рет қолданылатын халаттармен, антисептиктермен және дезинфекциялау құралдарымен қамтамасыз етілген.
Бұдан басқа, жаңа клиникалық хаттамаларды ескере отырып, алғашқы медициналық-санитарлық көмек жағдайында коронавирустық инфекциясы бар науқастарды диагностикалау және емдеу, клиника мәселелері бойынша семинарлар тұрақты негізде өткізіледі. Емхана қызметкерлері байланыста болған және симптомсыз вирус тасымалдаушыларға медициналық бақылау және зертханалық тексеру жүргізеді.
Емханада 120 күнге жететін дәрілік препараттар қоры бар. Медициналық жабдықтармен және медициналық бұйымдармен жабдықтау 100% құрайды.