Алматы жолдарындағы көлік қозғалысы бес есеге азайды

Алматы жолдарындағы көлік қозғалысы бес есеге азайды
Қаладағы аудандық ПБ-на қалада себепсіз жүргені үшін 128 жүргізуші жеткізілді, 30 автокөлік айыппұл тұрағына қойылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы жолдарындағы көліктер саны шамамен бес есеге азайды, деп хабарлайды Polisia.kz.

“Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің автоматтандырылған ақпараттық жүйесі” аппараттық-бағдарламалық кешенін талдау, қаланың негізгі көшелерінде көліктердің қозғалысы едәуір төмендегенін көрсетеді.

“Бүгін сағат 08.00-ден 09.00-ге дейін бейнебақылау жүйелерімен тіркелген көліктер саны 4 мың 836 болды. АШАЖ, Райымбек – Саин, Сейфуллин – Жансүгіров, Төле би – Розыбакиев көшелері, барлық бағытта. 11 наурыздағы осыған ұқсас уақыт аралығында көлік саны 19 мың 546 бірлікті құрады. Бұған дейін біз қалада 35 бақылау-өткізу бекетінің ұйымдастырылғанын айтқан болатынбыз. Барлығы бір тәулікте 18 мың 798 көліктің қала ішінде жүру құқығының бар-жоғы тексерілгендігін хабарлаған болатынбыз. Қаладағы аудандық ПБ-на қалада себепсіз жүргені үшін 128 жүргізуші жеткізілді, 30 автокөлік айыппұл тұрағына қойылды”, -деді Алматы қалалық ПД Әкімшілік Полиция басқарасының басшысы Жандос Мұраталиев.

Новости партнеров