COVID-19: 203 қазақстандық шетелден ПТР-анықтамасыз ұшып келген

05.12.2020 19:21

Венгрия, Литва, Пәкістан, Мысыр, БАӘ, Түркия, Беларусь және Өзбекстаннан 16 халықаралық әуе рейсі келген

Zakon.kz

4 желтоқсанда Қазақстан аумағына Венгрия, Литва, Пәкістан, Мысыр, БАӘ, Түркия, Беларусь және Өзбекстаннан 16 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ақпаратына сәйкес, барлығы 1 898 жолаушы ұшып келген. Оның ішінде 1695 адамда коронавирусқа ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтама болған. Анықтамасыз 203 адам келді, барлығы – ҚР азаматтары. 

Оның ішінде: - Алматы қаласының әуежайына - 9 рейс, барлығы 1 298 жолаушы, анықтамамен - 1 142, анықтамасыз - 156; 

- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына - 6 рейс, барлығы 478 жолаушы, анықтамамен - 433, анықтамасыз - 45; 

- Атырау қаласының әуежайына - 1 рейс, барлығы 122 жолаушы, анықтамамен - 120, анықтамасыз - 2.

«Анықтамасыз болған Қазақстан азаматтары келген жері бойынша карантиндік стационарларға орналастырылды және ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға тестіленді. Барлық 203 азаматтың тест сынамасы теріс нәтиже көрсетті», – делінген министрлік мәліметінде.