Бұл туралы жұма күні жарияланған «Бейжің-2022» ұйымдастыру комитетінің мәлімдемесінде айтылған
23 қаңтардан бері Бейжіңдегі Қысқы олимпиада ойындарына келушілер арасында COVID-19 жұқтырған 308 адам анықталды. Бұл туралы жұма күні жарияланған «Бейжің-2022» ұйымдастыру комитетінің мәлімдемесінде айтылған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Ресми сайттағы ақпарат бойынша, 23 қаңтардан бері Қытайға 5255 спортшы мен ресми тұлғалар және басқа 6708 өкіл келді.
ПТР-тестілеу нәтижесінде әуежайда және ойындардың барлық қатысушылары тұратын «жабық алаңда» 308 адам коронавирус жұқтырғаны анықталды, оның ішінде 111 – атлеттер мен ресми тұлғалар арасында, 197 – мүдделі тарап өкілдері арасында.
2022 жылғы XXIV қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты 4 ақпанда Бейжіңдегі «Құс ұясы» ұлттық стадионында өтеді.