Облыста COVID-19 вирусын барлығы 1342 адам жұқтырған
Қарағанды облысында коронавирус инфекциясының ауру белгілерімен 52 адам тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметіне сілтеме жасай отырып.
ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша 52 адамда COVID-19 вирусы анықталды, тіркелген жағдайлар скрининг барысында және жақын байланыста болғандарды тексеру нәтижесінде анықталды.
«Қарағанды қаласында – 36 адам, Теміртау қаласында – 1, Саран қаласында – 6, Сәтбаев қаласында – 4, Шахтинск қаласында – 4, Абай ауданында – 1 адам анықталды», - делінген хабарламада.
Науқастардың барлығы жұқпалы аурулар стационарына жатқызылды. Қазіргі уақытта олардың жағдайы қанағаттанарлық, ем алып жатыр. Ошақтарда дезинфекция жүргізілді.
Айта кетсек, облыста коронавирус инфекциясымен жалпы 1342 адам тіркелген, оның ішінде 619 пациент жазылып шықты.