Атырау облысында коронавирус жұқтырған тағы 11 жағдай тіркелді

11.04.2020 19:25

Ауырғандардың бәрі Covid-19 жұқтырған науқастармен байланыста болған

Tengrinews.kz

Атырау облысында корнавирус инфекциясын жұқтырған тағы 11 жаңа жағдай тіркелді. Ауырғандардың бәрі – бұған дейін Covid-19 жұқтырған науқастармен байланыста болған адамдар, деп хабарлайды Almaty.tv coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.  

Корнавирус инфекциясын жұқтырған пациенттермен байланыста болған барлық адамнан зертханалық сынамалар алынды.

«ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы қойылды. Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізіледі.
Науқастармен байланыста болған адамдар анықталды, олардың барлығы медициналық бақылауға алынды. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде», - делінген Атырау облысының ТЖ режимін қамтамасыз ету жөніндегі жедел штабының хабарламасында.

Айта кетсек, 11 сәуірдегі эпидемиологиялық жағдай бойынша аймақта COVID-19 инфекциясын жұқтырған 59 адам анықталды.