Алматылық дәрігерлер үйлену тойлары мен жерлеу рәсімдерінен бас тартуға шақырады

Алматылық дәрігерлер  үйлену тойлары мен жерлеу рәсімдерінен бас тартуға шақырады
Алдын алудың ең тиімді әдісі – маска тағу
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-сұхбат барысында №24 қалалық емхананың бас дәрігері Жәмила Баттақова тұрғындарды салтанатты іс-шараларға баруды шектеуге және алдын алу шараларын сақтауға шақырды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Үйлену тойларына, басқа да салтанатты іс-шараларға, жерлеу рәсімдеріне баруды шектеу керек. Адамдар көп жиналатын жерден аулақ болу керек. Әлеуметтік қашықтықты сақтау маңызды», – деді ол.

Сондай-ақ, дәрігер жеке гигиена шараларын сақтаудың, бөлмені желдетудің және ең бастысы маска тағудың маңыздылығын атап өтеді.

«Алдын алудың ең тиімді әдісі – маска тағу. Бұл жұқпалы ауру. Сондай-ақ, жеке гигиена шараларын сақтау, үйді, ғимаратты желдету, қолды үнемі жуу», – деп толықтырды ол.

Сонымен қатар, дене қызу көтеріліп, жөтел, тыныс алудың қиындауы, ентігу, иіс, дәм жоғалту, жалпы әлсіздік сияқты белгілер пайда болған кезде дәрігер дереу медициналық көмекке жүгінуді ұсынады.

Новости партнеров