Тексеру кезінде оқушының барлығы өз отбасында ауырғаны анықталды
Атырау облысында қыркүйек айынан 33 оқушы коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Облыстың мемлекеттік бас санитар дәрігері Амантай Жұмағалиевтің мәліметінше, биылғы оқу жылының басынан бері мектеп жасындағы 33 бала коронавирус инфекциясымен ауырған.
«Бірақ, науқастардан тек 4 оқушы мектептердегі кезекші сыныпқа барған. Ал, 29 бала онлайн оқиды. Тексеру кезінде 33 оқушының барлығы өз отбасында ауырғаны анықталды. Қазір олар жазылып, медициналық есептен шығарылды»,– деді Амантай Жұмағалиев.
Еске салайық, бұдан бұрын Теңіз кенішіндегі стационарда 321 адам ем қабылдап жатқанын хабарлаған едік.