Бұл елде эпидемия басталғаннан кезеңдегі ең жоғарғы көрсеткіш
Ресейде бір тәулікте 12 126 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Ресейде 9 қазанда 12 126 адамнан коронавирус анықталған. Бұл елде эпидемия басталғаннан кезеңдегі ең жоғарғы көрсеткіш. Елде COVID-19 жұқтырған пациенттерге арналған бос төсек-орындар саны күн санап қысқарып жатыр.
Ресейдің Денсаулық министрлігі тұрғындарды демалыс күндері үйде болып, сақтық шараларын сақтауға шақыруда.