Карантин: Алматыда рестобарлар түнімен жұмыс істеуін тоқтатпай тұр

09.04.2020 19:37

Келушілер мен қызметкерлердің арасында екі кәмелетке толмаған бала бар

polisia.kz

Алматыда карантин кезінде қонақтарды қабылдаған рестобар анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Рестобар Әл-Фараби даңғылында орналасқан. Түннің бір уағында қалада карантин енгізілгеніне қарамастан, адамдар көп болды: бардың 10 қызметкері 12 қонаққа қызмет көрсетіп жүрді.

“Келушілер мен қызметкерлердің арасында екі кәмелетке толмаған бала бар. Олардың бірі даяшы болып жұмыс істесе, екіншісі ересек достарының қасында болды. Ұлдар 13 жаста. 22 адамға қатысты төтенше жағдай режимін бұзғаны және санитарлық-эпидемиологиялық нормативтерді сақтамағаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабының 6-тармағына сәйкес әкімшілік хаттамалар жасалды. Ал кәмелетке толмаған екі баланың ата-аналары балаларының түнгі уақытта уақыт өткізгендері үшін 422-баптың 2-бөлігі бойынша құқық бұзушылық негізінде жауапқа тартылады. Сонымен қатар, рестобар жұмысшыларының арасында шетелдік азаматтар да болған – Өзбекстанның үш азаматы да республиканың көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 517-баптың 5-тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды”, – деп хабарлады Алматы қаласы Полиция департаменті басшысының орынбасары Берік Әбілбеков.

Жауапқа тартылғандар арасында мекеменің негізін қалаушы – 1992 жылы туған Ж. Амиров мырза да бар екенін атап өтті. Айтпақшы, бар көп салалы болып шықты. Екі қабатты жеке тұрған ғимаратта адамдар өз қызығушылықтарына қарай уақыттарын өткізді: біреу құмар ойын ойнады, біреу би биледі, ал біреулер дастарқанда болды.

“Қатысқандардың ешқайсысы карантин және олардың қауіпсіздік шаралары туралы естімеген сияқты болып көрінді. Бұл кейбір жауапсыз азаматтардың пайда табу мақсатында қоғамға қауіп төндіретін қауіпті түсінбейтіндігі және бизнесті денсаулықтан басымырақ қарастыратындығы алаңдатады. Төтенше жағдайлар мен карантинде мұндай фактілерге жол берілмейді. Ішкі істер органдары тарапынан оларға қысым жасалып, кінәлілер заңға сәйкес жазаланады”, – деді Әбілбеков.