Қазақстанда пневмониядан тағы 2 адам қайтыс болды

09.10.2020 19:49

25 адам емделіп шықты

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 241 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 25 адам емделіп шықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ресми дереккөзге сілтеме жасап.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 34 384, 364 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 27 597 жетті.