Олар енді карантин мен ПТР-тесттің теріс нәтижесін талап етпейді
Оңтүстік Кореяда пандемияға қарсы шектеулер бәсеңдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Енді ол елге ұшып барғандар апталық карантинде жатпайды. Бұл үрдіс әуежайлардың жұмысын жандандырды. Грузия мемлекетінде де біршама шектеулер жеңілдеді. Олар карантин мен ПТР-тесттің теріс нәтижесін талап етпейді. Ал көшеде бұдан былай бетпердесіз емін-еркін жүруге болады.
«Бұл сәтті ұзақ күттім. Карантинде қалу талабы өзгерген кезде бірден Гавайға бару үшін билет алып қойдық. Вакцина салдырдық. ПТР-тестілеуден де өттік», – дейді тұрғын.
Ал еліміздің 10 өңірінде коронавирус жұқтырғандар мүлдем анықталған жоқ. Өткен тәулікте барлығы 16 тұрғын ковид жұқтырса, оның тең жартысы Алматы қаласында тіркелген. Бір күнде 378 адам сауығып шықты.