Қалада COVID-19 вирусын жұқтырған 223 адам тіркелді
Шымкент қаласында 1993 жылы туған азаматшаның коронавирустық инфекция жұқтырғаны скринингтік тексеру барысында анықталған, деп хабарлайды Almaty.tv Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабына сілтеме жасап.
«ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен пациентке COVID-19 диагнозы қойылды. Қазіргі таңда науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде», - делінген хабарламада.
Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.
Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
Қазіргі уақытта қалада COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 223 адам анықталды.