Қостанай облысының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің орынбасары шығарған қаулыда тиісті өзгерістер енгізілді
Қостанай облысында шектеу шаралары жеңілдетілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Қостанай облысының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің орынбасары шығарған қаулыда тиісті өзгерістер енгізілді.
Өңірдің жедел штабының шешімі бойынша, биыл 10 тамыздан бастап карантин шаралары жеңілдетіледі, атап айтқанда:
Ауданы 500 шаршы метрге дейінгі азық-түлік емес дүкендерге жұмыс істеуге рұқсат беріледі, бұл ретте көрсетілген алаңнан үлкен нысандар тек "жеткізу" бойынша жұмысын жалғастырады;
Сквер, саябақтар ашылды және олардың аумағында орналасқан сауда нүктелерінің (аттракцион, балалардың ойын алаңдары, батут, балаларға арналған велосипед, көліктерді жалға беру жұмыстарынан басқаларының) қызметіне рұқсат берілді. Әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, 3 адамнан немесе бір отбасы мүшелерінен артық емес топпен шығу керек;
Қаладағы қоғамдық көліктің қозғалыс кестесі 06:00-ден 21:00-ге дейін болады. Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Бұған дейін Алматы және Қарағанды облыстарында шектеу шаралары жеңілдетілгені хабарланған болатын.