Шымкент қаласында 1000 дана маска таратылды

14.08.2020 20:04

Коронавирустық инфекцияның алдын алу тұрғысында қоғамдық көліктер мен қоғамдық орындарға ақпараттық парақшалар жапсырылды

Фото: Shutterstock

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес елімізде орын алып отырған індеттің таралуын болдырмау мақсатында тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

«Атап айтқанда, әл-Фараби ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен ішкі саясат басқармасы, қалалық жастар орталығы мен аудан әкімі аппаратының мамандары, сондай-ақ еріктілер қала тұрғындарына арнайы жазбасы бар 1000 дана шар мен маска таратты. Онда "маска тағыңыз", "жақыныңызға жанашыр болыңыз", "үйде қалыңыз", "карантин режимін сақтаңыз" деген жазбалар бар», – деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, коронавирустық инфекцияның алдын алу тұрғысында қоғамдық көліктер мен қоғамдық орындарға ақпараттық парақшалар жапсырылды.