Бақытжан Сағынтаев құрылысшылармен тұрғын үй нарығындағы ахуалды талқылады

13.03.2020 20:06

Негізгі міндет – құрылыс қарқынын сақтап, қызметкерлерді қысқартуға жол бермеу

Коронавирус пандемиясы мен әлемдік нарықтағы күрделі жағдайға байланысты қазіргі қалыптасқан ахуал турасында өткен жиынға шаһарда құрылыс материалдарын шығаратын компаниялар мен кәсіпорындардың басшылары қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Экономиканың басқа салаларының өкілдерімен өткен мұндай кездесулердің басты мақсаты – ахуалды өзгертуге және дер кезінде жедел әрекет етуге дайындық болып табылады. Бұл импорттық материалдарды жеткізумен байланысты.

Негізгі міндет – құрылыс қарқынын сақтап қалу, қызметкерлерді қысқартуға жол бермеу және тапсырыс берушілердің алдындағы міндеттемелерді уақтылы орындау.

Еске салсақ, бұған дейін Бақытжан Сағынтаев көлік, логистика, банк секторы, сауда кәсіпорындары, өнеркәсіп және өндіріс компаниялары салалары өкілдерімен кездесулер өткізген болатын.