Алғашқы бестікте АҚШ, Үндістан, Бразилия, Ресей және Ұлыбритания тұр
Қытайдың Гонконг қаласында алдағы 2 күн жаппай коронавирусқа тестілеу жүреді. Джоржан және Яуматэй аудандарында тұратын 150 үйдің тұрғындары тексерілмек, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл шамамаен 10 мыңнан астам азамат. Бүгінде қала аумағында мыңдаған тест алу орындары ұйымдастырылған.
Ал Франция билігі санитарлық талаптарды қатаңдатып жатыр. Дәрігерлердің сөзінше, әлеуметтік ара қашықтық 1 емес, 2 метр болуы керек. Сондай-ақ, қала аралық қатынас кезінде коронавирусқа қатысты тапсырылған тест нәтижесі болу міндеттелді.
Осы күні жаһан жұртының 100 миллионға жуық тұрғыны аталған дертке шалдыққан. Алғашқы бестікте АҚШ, Үндістан, Бразилия, Ресей және Ұлыбритания тұр. Әлемнің 2 миллион 100 мыңнан астам азаматы кеселдің кесірінен көз жұмды.