Алматыда тағы 1 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды

22.03.2020 20:09

Науқас 15 наурызда Ыстамбұл – Алматы рейсімен ұшып келген коронавирус анықталған адаммен байланыста болған

Турар Казангапов

Алматы қаласында коронавирус инфекциясын тағы бір адам жұқтырғаны анықталды, деп хабарлайды  Almaty.tv ҚР ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


«Ауру жұқтырған азамат – 1992 жылы туған бойжеткен. Науқас 15 наурызда Ыстамбұл – Алматы рейсімен ұшып келген коронавирус анықталған адаммен байланыста болған. Қазір стационарға карантинге жатқызылды. Жағдайы қанағаттанарлық», - деді Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп.  

Айта кетсек, қазіргі таңда Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 31 адам, Алматы қаласында – 23 адам, Қарағанды қаласында – 2, Алматы облысында – 1 адам, жалпы елімізде 57 науқас тіркелді.

Еске сала кетейік, бүгін таңертең Нұр-Сұлтан қаласында тағы 2 адамның инфекция жұқтырғаны расталған болатын.