Індет басталғалы бері облыста 22143 науқас тіркелген
Батыс Қазақстан облысында соңғы төрт күнде 338 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлім еткеніндей, соның 215-інде ауру белгілері болса, 123-і – симптомы жоқтар. Соның ішінде 168-і ЖРВИ белгілері бойынша тексерілген. 126-сы бұрын ауырғандармен қарым-қатынаста болған. 41-інен профилактикалық мақсатта, үшеуінен стационарға жатқызар алдында сынама алынды. Департамент мәліметіне қарағанда, соңғы төрт тәулікте Орал қаласында 143, Бәйтерек ауданында 70, Бөрліде 54, Ақжайықта 21, Теректі мен Тасқаланың әрқайсысында 16 адамнан коронавирус табылды.
Індет басталғалы бері облыста 22143 науқас тіркелсе, соның 17285-і жазылып шықты. 330-ы өмірден өтті. Орал қаласында барлығы 12498, Бәйтерек ауданында 2583, Бөрліде 2436 адамнан коронавирус шықты. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда 66 мың адамның коронавирусқа қарсы екпе салдырғанын жазған болатынбыз.