Үш жасар баладан COVID-19 табылды
Петропавлда балабақша 14 күнге карантинге жабылды. Үш жасар баладан COVID-19 анықталған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы Орталық коммуникациялар брифингінде белгілі болды.
«Байланыста болған адамдар анықталды. 23 жақын адам анықталды, бір топтан 18 адамнан анықталды. 13 адам – сол балабақшаның қызметкері. Барлығынан сараптама алынды. Коронавирустың алдын алу мақсатында балабақша қызметі уақытша 14 күнге тоқтатылды», – деді қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Әсет Жұматаев.
Оның айтуынша, 3 жасар бала коронавирус жұқтырған ересек адаммен байланыста болған. Ер адам 25-30 мамыр аралығында Солтүстік Қазақстан облысынан басқа аумаққа барған. Қалаға келген соң өзін нашар сезініп, дене қызуы жоғарылаған. Сараптама коронавирус барын көрсеткен.