Өткен тәулікте облыс бойынша 57 адам қауіпті инфекциядан жазылып шыққан
Атырау облысында өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 10 адам анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Қауіпті дертке шалдыққандардың сегізі – Атырау қаласынан, 1 адам – Жылыой ауданынан, ал 1 науқас – Теңіз кенішінің жұмысшысы. Бес науқаста індет симптомды, қалған бесеуінде симптомсыз өтуде»,– деп мәлім етті облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, өткен тәулікте облыс бойынша 57 адам қауіпті инфекциядан жазылып шыққан.