Атырау облысында қауіпті індетті жұқтырған адамдар саны 792-ге жетті
Бүгін Теңіз кенішінің 23 жұмысшысынан коронавирус індеті анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік жедел штабтың хабарламасына сілтеме жасап.
«Науқастар –Теңіз кен орнынан шығар алдында скринингтен өткен жұмысшылар. Қауіпті індетке шалдыққандардың барлығы инфекциялық стационарға жатқызылды. Олар тиісті хаттамаларға сәйкес ем қабылдауда. Қазіргі уақытта инфекция ошақтарына дезинфекция жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, науқастармен байланыста болған адамдар анықталып, дәрігерлердің бақылауына алынды», -деп хабарлады өңірлік жедел штабтан.
20 мамыр күні Атырау облысында қауіпті індетті жұқтырған адамдар саны 792-ге жетті. Ал Теңіз кенішіндегі 42 мердігер мекеменің қызметкерлері арасында коронавирус инфекциясының 712 жағдайы тіркелген. Вахталық аумақта қауіптің індеттің 22 ошағы анықталған.
Бұған дейін Теңіз кенішінің 142 қызметкері коронавирус жұқтырғаны, сондай-ақ, 3 жұмысшысы жансақтау бөлімінде жатқаны хабарланған еді.