Әлемдегі COVID-19 жағдайы

03.12.2020 20:25

Алғашқы бестікте АҚШ, Үндістан, Бразилия, Ресей мен Франция тұр

Фото: ашық дереккөзден

Алдағы жарты жылда әлемде коронавирусқа қарсы вакцина адамдарға жетпейтін болады. Бұл туралы дүинежүзілік денсаулық сақтау ұйымының маманы Майкл Райан айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның сөзінше, вакцина шыққанға дейін аурудың жаңа толқыны басталып кетуі мүмкін. Сондықтан сақтық шараларын қатаң ұстанған абзал екенін айтады. Еске салайық, аталған ұйымның ресми өкілі Тарик Язаревич COVID-19-ға қарсы дәрі мемлекеттерге 2021 жылдың 2-ші немесе 3-ші тоқсанында бірақ берілетінін айтқан еді.

Ал, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы вакцинаны келесі жылы таратамыз дегені бар еді. Өзге мемлекеттер ондай дәріні өздері өндіріп, тестілеп жатқан көрінеді. Мәселен, Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин келесі аптадан бастап вакцина егуді тапсырды. Бірнеше күнде 2 миллион доза дайын болады. Препарат алдымен дәрігерлерге және мұғалімдерге салынады. Өйткені олар қауіптілігі жоғары топқа жатады екен. 

Ал АҚШ-та осыған дейін айтылмаған тың ақпарат жарияланды. Анықталғаны COVID-19 Қытайдан тарамас бұрын Америкада пайда болған. Құрама штатта жүргізілген арнайы зерттеу осындай нәтиже көрсеткен. Яғни, ауру 2019-шы жылдың желтоқсанында тарай бастапты. Бұл Уханьда алғашқы науқас тіркелетініен бірнеше апта бұрын болған. Мұндай мәліметті Блумберг агенттігі жариялады. 

Ал, әлемде аталған дертке шалдыққандар саны 65 миллионға жуықтап келеді. Алғашқы бестікте АҚШ, Үндістан, Бразилия, Ресей мен Франция тұр. Қадірлі көрермен жаһандағы жағдайды көрдіңіздер. Нақты вакцина әлі табылмаған. Талай мемлекет логдаун жариялап, карантин режимін күшейтіп жатыр. Сондықтан сіз де санитарлық талаптарды сақтап, аурудың алдын алудың жолын қарастырайық.