Ресейде КВИ жұқтыру саны бойынша антирекорд тіркелді

05.10.2021 21:14

Елде өткен тәулікте 890 науқас COVID-19 вирусынан көз жұмды

edition.cnn.com

Ресейде коронавирусты жұқтыру саны бойынша антирекорд тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ресми мәліметтерге сәйкес, өткен тәулікте елде 26 мыңға жуық адамға COVID-19 диагнозы қойылды, 890 пациент қайтыс болды. Осыған байланысты Ресей өңірлері жаңа шектеулер енгізуде.

Мысалы, Уфа мен Пермь өлкесінде QR-код жүйесі қайтадан іске қосылады. Псковта барлық спорттық және діни шаралар тоқтатылды, 65 жастан асқан адамдар үшін өзін-өзі оқшаулау міндеттелді.

Ханты-Мансийск автономиялық округінде және Ростов облысында бюджеттік қызметкерлер қашықтан жұмыс істеу  форматына ауыстырылады.