Ғалымдар омикрон штамының теріде көрінетін белгілерін атады

02.02.2022 20:41
Фото:elements.envato.com

АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтары омикрон штамын жұқтырған адамдардың терісінде белгілерді байқай бастағанын хабарлады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Омикрон штамының белгілеріне ғалымдар теріде пайда болатын бөртпе мен құрғақтықты жатқызды. Сонымен қатар, сарапшылар осы штамды жұқтырған науқастардың терісі бозғылт, сұр немесе көк болғанына назар аударды.

CDC бұл белгінің ескерту екенін атап өтті, сондықтан теріде осындай белгілер байқаған адам дереу медициналық көмекке жүгінуі керек деп ескертті. Сондай-ақ, агенттік тершеңдікке немесе тершеңдіктен пайда болатын белгілерге назар аударуды ұсынды. Көбінесе ол шынтақ, тізе және қол мен аяқтың артқы жағында кездеседі.

Сарапшылар сондай-ақ еріннің құрғауына, қабыршақтануына, олардағы ауырсынуға және күн сәулесінің ең көп әсер ететін мойын мен кеуде алдындағы құрғақ теріге назар аударуға шақырды.