Бірінші кезеңде Алматыға 1000 концентратор жеткізілмек
Алматыда Nur Otan партиясы мен «Шұғыла» қоғамдық қоры Қалқаман шағын ауданындағы №7 аурухана мен модульдік инфекциялық госпитальге 13 оттегі концентраторын тапсырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Бұл бастама ҚР Президенті Қасым Жомарт Тоқаевтың медициналық мекемелерді дәрі-дәрмекпен, құрал жабдықпен қамту бойынша дағдарысқа қарсы шараларды қабылдау туралы тапсырмасын орындау аясында қолға алынды.
Осыған байланысты «Шұғыла» қоры кәсіпкерлер, меценаттар, қарапайым тұрғындар арасында ӨЖЖ аппараттарына қажетті оттегі концентраторын сатып алуға қаражат жинауды бастаған болатын.
Нәтижесінде 450 млн теңге көлемінде қаражат жинақталған. Бұл қаражатқа 1000 жуық концентратор сатылып алынады. Оның 400-і Алматы қаласына жеткізіледі.
Бірінші кезеңде Алматыға 1000 концентратор жеткізілмек. Оның әзірге 83-і Алматы медициналық ұйымдарына беріледі.