Алматыда эпидахуал аз да болса, тұрақталды – Жандарбек Бекшин

28.09.2021 21:00

Десе де, алматылықтарға еркінсуге болмайды

Алматыда эпидахуал аз да болса, тұрақталды. Мәселен, өткен айда індеттің ілмегіне іліккендер 1 мыңнан асса, соңғы тәулікте 547 адамның тест қорытындысы оң нәтиже көрсеткен. Бұл туралы қалалық Бас санитар дәрігер Жандарбек Бекшин мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Десе де, алматылықтарға еркінсуге болмайды, індет әлі де іргемізде екенін естен шығармау керек. Сонымен қатар той жасауға рұқсат берілгенімен, оның да өзіндік ережелері барын ескерген жөн.