Белгілері бойынша «омикронды» жедел респираторлық вирустық инфекция санатына жатқызуға болады. Бұл туралы ресейлік сарапшылар мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Омикронның» кең таралуы қауіпті «дельтаны» және ол штамнан болған өлім-жітімді азайтты. Осы факторлар карантиндік шараларды жеңілдетуге мүмкіндік берді. Бірақ жағдай тұрақты деуге әлі келмейді дейді мамандар.
«Омикронға» қарсы бустерлік екпе алған адам 4-6 ай қалыпты өмір сүреді. Бірақ бұл уақыт өткеннен кейін не болатыны туралы айту қазір қиын. Ал вирус қайтып жұқпайды деген түсінік те қате», - деді Джордж Мейсон университеті жүйелік биология мектебінің профессоры Анча Баранова.
Еліміздегі эпидахуал бүгін де тұрақты. Қазақстан бойынша вирусты өткен тәулікте 260 адам жұқтырса, соның 90-ы – алматылық. Яғни, ел бойынша ең көп көрсеткіш осы. Ал Түркістан облысында бірде-бір жағдай тіркелмепті.