Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия вакцинация жайлы соңғы мәліметті жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
29 наурыздағы ақпарат бойынша, вакцинаның 1-компонентін қабылдағандардың жалпы саны – 122 701 адам. Вакцинаның 2 компонентін қабылдағандардың жалпы саны – 31 422 адам.
Айта кетейік, бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой сәуір айында елімізге КВИ-ге қарсы 3 млн доза вакцина жеткізілетінін хабарлаған болатын. Таяуда қазақстандық мамандар нанотехнологияға негіздеп жасаған 2 вакцинаны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тіркеуге алды.
Естеріңізге салайық, Алматыда жаппай вакцинация сәуірдің ортасында басталады.