Таяуда қазақстандық мамандар нанотехнологияға негіздеп жасаған 2 вакцинаны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тіркеуге алды
Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия вакцинация жайлы соңғы мәліметті жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
29 наурыздағы ақпарат бойынша, вакцинаның 1-компонентін қабылдағандардың жалпы саны – 122 701 адам. Вакцинаның 2 компонентін қабылдағандардың жалпы саны – 31 422 адам.
Айта кетейік, бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой сәуір айында елімізге КВИ-ге қарсы 3 млн доза вакцина жеткізілетінін хабарлаған болатын. Таяуда қазақстандық мамандар нанотехнологияға негіздеп жасаған 2 вакцинаны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тіркеуге алды.
Естеріңізге салайық, Алматыда жаппай вакцинация сәуірдің ортасында басталады.