Қарағанды обылысында эпидемиологиялық жағдай тұрақтандырылды

14.08.2020 21:17

Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек эпидемиологиялық жағдай туралы баяндады

Фото: ашық дереккөзден

Қарағанды облысында COVID-19 ауыргандар емделген госпитальдердің көпшілігі жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қарағанды облысында эпидемиологиялық жағдай тұрақтандырылды. COVID-19 ауырғандарға арналған емдеу мекемелеріндегі төсек-орындардың толымдылығы 16%-ға дейін азайды. Енді барлық күштер күзде күтілетін ықтимал екінші толқынға дайындыққа бағытталады. 

Zoom платформасында онлайн өткен кезектен тыс XLІ-сессияда облыстық мәслихат депутаттары бюджеттегі өзгерістерді бекітті. Негізгі шығындар денсаулық саласын нығайтуға бағытталды. Ауруханалар мен емханалар үшін жаңа медициналық жабдықтар сатып алуға қаражаттар бөлінді. 

Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек эпидемиологиялық жағдай туралы баяндады. 

«Бүгінде төсек - орындардың толымдылығы 16%-ға дейін азайды – бұл жалпы республика бойынша қарағанда 10%-ға аз. Жан сақтау төсек-орындары 14,7%-ға толды. Коронавируспен ауырғандар емделген медицина мекемелерінің көпшілігі жұмысын тоқтатты. Әзірге жетеуі жұмыс істеуін жалғастыруда. Осылардың есебінен біз дәрігерлердің көп бөлігін босаттық, олар барлық ауру түрлері бойынша жоспарлы госпитализациялауға оралды», – деп мәлімдеді өңір басшысы. 

Жеңіс Қасымбек ірі компаниялар мен кәсіпорындарға денсаулық саласына көмектескені үшін алғысын білдірді. Өкімет пен меценаттар ауруханаларды жерлестеріміздің өмірін сақтау үшін барлық қажеттілермен қамтамасыз етуге қолдарынан келгенін бірлесіп жасады, деп атап өтті. Облыста бүгінде 192 ӨЖЖ-аппараты, 1 500 оттегі концентраттары, 17 компьютерлік томография кабинеттері бар. Қазан соңына дейін тағы 500 оттегі концентраторлары, 1 500 пульсоксиметр жеткізіледі, республикалық бюджет есебінен 151 ӨЖЖ-аппараты сатып алынады. Облыс қалаларында бес КТ кабинеттерін қосымша жабдықтау жоспарлануда. Сонымен бірге 40 цифрлық рентген-аппараттары сатып алынады. 

Өңірде қажетті емдік дәрілердің бір жарым айлық қоры бар, деп толықтырды, облыс әкімі. 

«Сарыарқа» ӘКК базасында дәрілердің тұрақтандырушылық қоры құрылды. 

«ПТР-зертханаларының желісін ұлғайтамыз. Бүгінде облыс халқының шамамен 14%-ы тесттен өткен. Қолдағы қуаттар тәулігіне 4 500 тестке дейін жасауға мүмкіндік береді. Жалпы эпидемиологиялық жағдай тұрақтандырылды. Біз ықтимал екінші толқынға белсенлі дайындалудамыз», – деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.