Бұл туралы онлайн брифинг барысында Алматы қалалық мобилділік басқармасының басшысы Ерлан Әділов айтты
Алматыда қоғамдық көліктердің жүру уақыты қысқарды. Бұл туралы онлайн брифинг барысында Алматы қалалық мобилділік басқармасының басшысы Ерлан Әділов айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Шектеу шаралары аясында қоғамдық көліктердің жүру уақыты бір сағатқа қысқарды. Яғни автобус, троллейбус маршруттары мен метро таңғы сағат 06:00 ден кешкі сағат 22:00 дейін жүреді. Мұндай шешім арнайы комиссия мен қаланың бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес қабылданды», – дейді Ерлан Әділов.
Сонымен қатар, ол қауіпті індеттің ушыға түсуіне байланысты сенбі-жексенбі күндері қоғамдық көліктің қызметі тоқтатылатынын айтты.
«Бұл күндері қоғамдық көліктер мен автобус парктерінде дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі», – деді ол.