Қазақстанда коронавирустан жазылған екі адам ауруханадан шықты

26.03.2020 21:24

Қазіргі уақытта елімізде коронавирус жұқтырған 109 адам тіркеліп отыр, ең көп науқас Нұр-Сұлтан қаласында анықталды

Қазақстанда екі адам коронавирустан емделіп, ауруханадан шықты. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Құрметті ағайын! Кеше айтқанымыздай, екі адам коронавирустан жазылып, ауруханадан шықты. Олардың біреуі Алматы, екіншісі Нұр-Сұлтан қаласында емделді", - деді Абаев онлайн брифингте. Осы ретте министр дәрігерлік құпия туралы еске салып өтті. "Кеше осы хабар тараған соң, БАҚ өкілдері пациенттер туралы өте көп сұрақ жіберген. Ешкім коронавируспен ауырған адам ретінде аты шыққанын қаламайтын шығар. Сіздер сол адамның орнына өздеріңізді қойып көріңіздер. Бұл адамдардың барлығы өз азаматтарымыз. Олар өзіне қатысты жеке мәліметтерді жария етпеуге құқығы бар. Біз оны сыйлауымыз керек. Егер де ол кісілер туралы қандай да бір ақпарат тапсаңыздар, ол адамның рұқсатынсыз ешкімге бермеуді сұраймыз", - деді ол.


Коронавирус індетін жұқтырған тағы 12 адам тiркелді

Алматы әкімі тәртіп сақшылары мен дәрігерлердің жұмысы туралы әсерлі бейнеролик жариялады