Коронавирустың жаңа нұсқасы бірнеше елден табылды

28.11.2021 21:24
ҚазАқпарат

Осы айда ОАР-да анықталған және кеше «Омикрон» деген атау берілген коронавирустың жаңа мутациясы Африкадан тыс барлық жаңа елдерде кездесіп жатыр. Ұлыбританияда екі жағдай анықталғаннан кейін, үкімет эпидемияға қарсы шараларды күшейтетінін жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Сенбі күні Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон шұғыл баспасөз мәслихатында эпидемияға қарсы шараларды уақытша (үш аптаға дейін) қатаңдататынын жариялады. Атап айтқанда, бұдан былай шет елден келетін кез келген азамат ПТР тестінің теріс нәтижесі шыққанға дейін оқшаулануы керек. Сарапшылардың пікірінше, вирустың соңғы мутациясы бастапқы нұсқамен салыстырғанда айтарлықтай өзгерістерге ұшыраған, сондықтан ол вакцинаға төзімді болуы мүмкін. Фармацевтикалық компаниялар қазірдің өзінде «Омикронды» зерттеп, онымен күресудің жолдарын табуға тырысып жатқанын хабарлады.