АҚШ-тың екі штаты бетперде кию режимін тоқтатты

05.03.2021 21:25

Сонымен қатар коронавирусты жұқтырғандар санының азаюына байланысты кәсіпкерлерге толық және шектеусіз жұмыс істеуге рұқсат етілді

pixabay.com

АҚШ-та Техас және Миссисипи Штаттарының билігі бетперде кию режимін тоқтатты. Мейрамханалар мен басқа мекемелерде, сондай-ақ кәсіпорындарда адам санына байланысты лимит те алынып тасталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Kaz.tengritravel.kz-ке сілтеме жасап.

NTV мәліметінше, Техас губернаторы Грег Эбботт вакцинациялаудан кейін осындай шешім шығарғанын айтқан.

«Бетперде кию талаптары мен пандемияға байланысты қабылданған басқа да қауіпсіздік шараларын тоқтату керек», – деді ол.

Алайда, егер штаттағы ауруханаларда адам көбейсе, онда шектеулер қайтарылуы мүмкін. Тек губернатор мұндай жағдайда бетперде режимін бұзғаны үшін айыппұл салынбайтынына уәде етті.

Миссисипи басшысы Тейт Ривз де осындай шешім шығарды. Ол Твиттер желісінде тергеу изоляторларында бетперде кию міндетін алып тастау туралы жазды. Сонымен қатар коронавирусты жұқтырғандар санының азаюына байланысты кәсіпкерлерге толық және шектеусіз жұмыс істеуге рұқсат етті.