Бәріне де «Барыс-Аренаға» келуге тыйым салынды
«Барыс» хоккей клубында коронавирус жұқтырғандар саны 19 адамға жетті. Бұл Денсаулық сақтау министрлігінің ресми ақпараты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Команда әкімшілігі мен 40 ойыншыға профилактикалық тексеру жүргізілген. Олармен тағы 29 адамның байланыста болғаны анықталды. Барлығына «Барыс Арена» стадионына келуге тыйым салынған.
«Қазір командадағы коронавирус жұқтырған 19 адамның бәрі ауруды симптомсыз өткеріп жатыр. Өздеріңіз көріп отырғандай, бұл індетті балалар мен қарапайым адамдар ғана емес, денсаулығы мығым спортшылар да жұқтыруда», – деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов.
Бұдан бөлек, ресми өкіл Қазақстан мектептерінде COVID-19-ға шалдыққан балалардың жағдайы туралы ақпарат берді. Айта кетейік, Солтүстік Қазақстан облысының мектептерінде коронавирус ауруын жұқтырудың 12 жағдайы тіркелді. Індет сегіз білім ордасынан анықталған.
«Бүгінгі уақытта Қазақстанның екі өңірінде бірнеше мектептерде және бір балабақшада 16 баладан коронавирустық инфекция табылды. Оқу орындары мен балабақшалар жабылды. Өзінің ережесі бойынша 14 күнге. Барлық мектепте жұмыс істейтін мұғалімдер, тәрбиешілер және балалардың отбасындағы мүшелері ПЦР-тест тапсырып, бақылауға алынды. 14 күнге үйлерінде изоляцияға карантинге жабылды», – деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов.