Алматыдағы эпидаxуал: Стационарға айналған "Халық арена" спорт кешеніндегі соңғы жағдай

Almaty.tv
Almaty.tv
Алматыдағы эпидаxуал әлі де күрделі.
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыдағы эпидаxуал әлі де күрделі. Соңғы тәулікте мегаполисте 1510 адам коронавирус жұқтырған. Ауруxаналардағы жүктеме артқандықтан шаһардың бірнеше мекемесі індетті жұқтырған науқастарды емдеуге көшті. Бүгін арна тілшісі Жанар Ғаниқызы xалық арена спорт сарайының базасында жасақталған қосымша резервті госпитальіне барып, қызыл аймақтағы жағдайды көзбен көріп қайтты. Almaty.tv тілшісінің сюжетіне зер салайық.

«Халық арена» спорт кешені пандемия уақытында арнайы науқастарды қабылдау үшін жасақталған еді. Мың адамға шақталған нысанда бүгінде 289 сырқат ем алып жатыр. Кешен емделушілерге барынша қолайлы етіп жабдықталған. Сатурация деңгейі 90-нан төмендеп, жалпы жағдайы ауырлағандар қарқынды терапия бөліміне ауыстырылады. Ал, дәрігерлер мұндағы науқастардың дені вакцина алмағандар дейді.

«Вакцина алған науқастар бізге келіп жатыр. Бірақ жеңіл өтуде, вакцина алмағандар ауыр өтуде. Сол себептен вакцинаны уақытында алып, сақтық шарасын жүргізсе, профилактика бойынша сіңгеннен кейін, ұзақ процесс өтсе, демек ауырмауы мүмкін. Сол себепті бірінші орында вакцинаны алу керек, сақтық шарасын сақтау керек, көпшілік жерге бармау керек», – деді ІІ дәрежелі дәрігер-терапевт Мейрамбек Файзуллин.

Мұнда күніне 50-ге жуық  науқас түсіп, 30-40-ы үйіне шығады екен.  Қаладағы эпидахуалдың қаншалықты ауыр екенін осыдан-ақ байқауға болады дейді дәрігерлер. Ал, індеттің ілмегіне іліккендер вирустың қаншалықты зұлым екенін айтып, екпе алуға шақырды.

«Дене қызуым көтерілді, тамағым да ауырды, әлсіредім, сөйлеуге шамам келмеді. Осындай дәрежеде болдым. Осында келгеннен кейін 2-3-күні бері қарадым, жақсы болдым осы жерге келіп. Вакцина салдырайын деп жүргем, оған үлгере алмадым. Дәрігерлердің айтуы бойынша, бәрін сұрап-біліп барғаннан соң вакцина салдырам», – деді науқас Сәнипа Байғали.

«Өзім ауырғаннан кейін ғана коронавирустың қандай ауыр екенін білдім. Бұған дейін мән бермейтінмін. Тіпті, қай жерде жұқтырып алғанымды да білмеймін. Мұндайды ешкімнің басына бермесін деп тілеймін. Бәрін көзбен көріп-білген соң анама, туған-туысыма жедел түрде екпе салғызу керегін айттым. Бұл ойнайтын нәрсе емес», – деді науқас Саят Якупов.

Айта кетейік, Алматы қаласындағы инфекциялық стационарларда 8 мың 910 төсек-орын жасақталған. Бүгінде 5 мың 85  науқас емделіп жатыр. Ал, өткен тәулікте ғана коронавирус жұқтырған мың 510 адам тіркелген.

Жанар Ғаниқызы, Сағындық Нарықов «Алматы» телеарнасы

Новости партнеров