«Омикронның» салдары ауыр болады – ғалымдар

18.02.2022 21:33

Ковид жұқтырған пациенттер арасында ауруды қиын өткеретіндер жиі кездеседі

«Омикронның» салдары ауыр. Ресейлік ғалымдар оптимистік көзқарасты өзгертті. Өйткені ковид жұқтырған пациенттер арасында ауруды қиын өткеретіндер жиі кездеседі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.   

  

Сондай-ақ инфекциядан кейін созылмалы аурулар күшейіп, жаңа патологиялар пайда болуы мүмкін. Ал әрбір үшінші науқас неврологиялық проблемаларға тап болады.

Айта кетейік, бұл штамм қазіргі таңда Батыс Еуропадан Балқанға тарап жатыр.  

«Денсаулықты бағалау және көрсеткіштер институты келесі 2 ай көлемінде аймақ халқының 50%-дан астамы «омикрон» жұқтырады деп болжап отыр», - деді ДДСҰ Еуропалық өңірлік бюросының директоры Ханс Клюге.

Елімізге келген жолаушыларға егер ол екпе алған болса, ПТР-тест міндеттелмейді. Сондай-ақ ауру белгілері болмаса, үйқамақта отырмауға рұқсат етілді. Бүгінгі эпидахуал жайына келсек, 1300-ден аса тұрғыннан вирус анықталған. «Қызыл» аймақта 3 өңір қалды. Олар: Алматы қаласы, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары. Ал БҚО «жасыл» аймаққа өтті.