Қазір Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1379 адамға жетті
Атырау облысында бір жасар 2 бала коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, Атырауда бір тәулікте 17 адамнан қауіпті індеттің белгісі анықталған.
«Індет жұқтырғандардың екеуі – Теңіз кенішіндегі мердігер мекемелердің жұмысшысы. Ал, 14 адам – Атырау қаласының тұрғыны. Олардың арасында бір жастағы 2 бала бар. Тағы бір жағдай Жылыой ауданында анықталды. Науқастардың бәрі инфекциялық ауруханаға жатқызылып, хаттамаға сәйкес ем қабылдауда», – деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі.
Қазір Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1379 адамға жетті. Жазылып шыққандар – 1015 адам.
Еске сала кетелік, Атырауда карантиндік шектеу қайта күшейтілді.