Қызының ұзату тойын мейрамханада жасаған Нұр-Сұлтан тұрғыны жазаланады

06.09.2020 21:38

Бесінші қыркүйекте сағат 18.40-та мониторингтік топ «Хан Талапай» мейрамханасында болып жатқан тойды анықтады

youtube.com

Астанада мейрамханалардың бірінде ұзату той жасағандар әшкере болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

Бесінші қыркүйекте сағат 18.40-та мониторингтік топ «Хан Талапай» мейрамханасында болып жатқан тойды анықтады.

«Бас санитар дәрігердің қаулысына қарамастан іс-шараны ұйымдастырушы 50-ге жуық қонақ шақырған. Отбасылық мереке тоқтатылды. Мейрамхана иесі мен іс-шараны ұйымдастырушы тыйымды елемей адамдардың денсаулығына қауіп төндірді. Процессуалдық шешім қабылдану үшін әкімшіге қатысты жиналған деректер Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жіберілді», - деді полиция өкілдері.

Полицейлер тұрғындарды карантин режимін сақтауға шақырады. Олар жұқтыру оқиғаларын болдырмау мақсатында халықпен профилактикалық әңгіме жүргізеді. Мұндай диалог адамдарды мәжбүрлеу шараларына қарағада тиімді ынталандыратыны айтылды.

«Өкінішке қарай, алдын алу шараларын елемеу жағдайлары әлі бе болып жатыр. Өткен тәуліктің өзінде полиция департаментінің қызметкерлері 57 кәсіпкерлік нысанды тексерді, оның ішінде 43 орын карантинді бұзғаны анықталды. Адамдар тыйымға қарамастан отбасылық мерекелерді өткізіп, қарт адамдарға ғана емес, балалардың өміріне де қауіп төндіреді. Барлық тәртіп бұзушы қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады. Енгізілген шектеулер азаматтардың қауіпсіздігі үшін қажет», - деп толықтырды елордалық полиция өкілдері.