Шымкент қаласында бүгінге дейін СOVID-19 жұқтырудың 5 174 жайты тіркелді
Республика бойынша коронавирусқа байланысты эпидемиологиялық жағдай Шымкентте жақсарған. Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтенов Президент Жолдауын жүзеге асыру мақсатында өткен актив отырысында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
«Қалада өткен үш тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған бір де бір науқас тіркелмеді. Вирус жұқтыру деңгейінің төмендеуіне қалада жүргізіліп жатқан алдын алу жұмыстары септігін тигізді. Алайда Президентіміз айтқандай қалыпты өмір салтына қайта көшуіміз үшін әлі де болса карантин талаптарына сәйкес сақтық шараларын күшейту қажет», – деді әкім.
Айта кетейік, Шымкент қаласында бүгінге дейін СOVID-19 жұқтырудың 5 174 жайты тіркелді. Оның ішінде 2 639 – симптомды, 2 535 – симптомсыз жағдай. Ал 4 442 науқас сауығып шықты.