Германияда 10-шы қаңтарға дейін қатаң логдаун жарияланды. 16-шы желтоқсаннан бастап елде мектептер мен балабақшалар, бизнес нысандар жұмысын тоқтатады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Тек, азық-түлік сататын дүкендер, пошта бөлімшелері, банктер және жанармай құю бекеттері ғана ашық болады. Рождество мерекесінде отбасымен ғана жиналып атап өтуге рұқсат берілді. Ал, жаңа жылда, яғни, 31-ші желтоқсан мен 1-ші қаңтар күні мерекелік шараға тыйым салынды. От шашу да болмайды.
Ал, Бразилия билігі халықтың 25 пайызына вакцина егуге дайын екенін мәлімдеді. Алдымен екпені қарт кісілер, денсаулық сақтау саласының мамандары, және әлеуметтік осал топтар қатарына жататын адамдарға салынады. Сонымен қатар, елде әлеуметтік қашықтықты сақтау режимі екі жылға созылуы мүмкін.
Айта кетейік, жаһан жұртының 72 миллионнан астамы осы дертке шалдыққан. Алғашқы бестікте АҚШ, Үндістан, Бразилия, Ресей және Франция тұр. 1 миллион 600 мыңнан көп науқас мерт болған. Қадірлі көрермендер, аурудың алдын алуды өзімізден бастайық. Маска мен әлеуметтік ара қашықтық режимін сақтап, санитарлық талаптарды қатаң ұстанып жүрейік. Саулықтың сақтықта екенін естен шығармаған абзал.