Ресейде бір тәулікте коронавирус жұқтырған 5 мыңнан аса адам анықталды

05.09.2020 21:51

Ресейде коронавирус пандемиясы басталғалы 1 020 310 адамнан COVID-19 адам анықталған

Ресейде бір тәулікте коронавирус жұқтырған 5205 адам анықталды, - деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

Жаңа жағдайлар елдің 84 аймағында тіркелген. Оның ішінде, ең көп жағдай Мәскеуде - 671 адам, Санкт-Петербургте - 195 адам. 

Сонымен қатар, коронавирустан 110 адам қайтыс болған, 5379 адам аурудан айыққан.  

Жалпы Ресейде коронавирус пандемиясы басталғалы 1 020 310 адамнан COVID-19 адам анықталған.