ҚМБД және православие шіркеулері бірлесе отырып, тиісті меморандумды санитарлық дәрігерлердің нұсқауларын қатаң сақтай отырып әзірледі
Қазақстанда коронавирустан қайтыс болған адамдарды жерлеу тәртібі әзірленіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Бүгін кешке, не ертең бас санитарлық дәрігер ресми шешім шығарады. Онда мұның қалай жүзеге асырылатындығы туралы қатаң ережелер жарияланады», – деді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев.
Бүгіндері ҚМБД және православие шіркеулері бірлесе отырып, тиісті меморандумды санитарлық дәрігерлердің нұсқауларын қатаң сақтай отырып әзірледі.