Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова коронавирус жұқтырғандар санының көбеюіне байланысты Алматыда карантин шаралары күшейтіле ме деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды тілшісі Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Әсел Қалықовадан тілшілер «Қалада коронавирус жұқтырғандар санының 700-ден асуына байланысты Алматыда карантин күшейтіле ме?» деп сұрады.
«Егер карантинді күшейту шарасы туралы айтатын болсақ, мәселе жағдай одан әрі нашарласа және инфекциялық стационарларға жатқызу дерегі көбейген кезде қаралады», – деп жауап берді Әсел Қалықова.
Бұған дейін Алматы қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде 9 сәуірдегі эпидемиологиялық жағдай туралы айтылған еді.
«Эпидемия басталғаннан бері 9 сәуірде коронавирус инфекциясын жұқтарған 39 655 жағдай тіркелді, 2021 жылдың наурызында 9 525 жағдай, соңғы тәулікте 717 адам тіркелді. Тәуліктік өсім 1,8. Соңғы 7 күнде 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш, алдыңғы 7 күндегі 215,2-ге қарағанда R = 1,132», – деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.