Жас әнші 4 жыл қатарынан өтіп келе жатқан «Бақыт деген – сенің бала күндерің» атты республикалық фестивалдің жеңімпазы
Алматыда 8 жасар қыз қауіпті індеттің беті қайтсын деген ниетпен ән шырқады. Бұл періштенің пандемияның аты ұмытылып, ел аман қалсын деген тілегі, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жас әнші 4 жыл қатарынан өтіп келе жатқан «Бақыт деген – сенің бала күндерің» атты республикалық фестивалдің жеңімпазы. Сайыстың өзгелерден ерекшелігі, олар әншілермен бір үйде тұрады. Әнді тек жанды дауыста шырқайды. Олармен білікті әншілер, хорегораф және стилист мамандар жұмыс істейді.
«Таңғы студиоға барғанда, Медина Күзембаевамен бірге келгенбіз. Сонда айтқанбыз, клип түсіріп жатырмыз деп. Енді сол клиптің тұсаукесері болып жатыр. Бек Оралбеков әнін, Ардақ Досымбай сөзін жазды, сондай керемет ән. Заманға сай, қазіргі болып жатқан жамандық. Соғыс, пандемия, коронавирус сол туралы кішкентай қыз айтып жатыр», – деді әнші, Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі Айжан Нұрмағамбетова.