Дәрігер "омикронның" ең жиі кездесетін екі симптомын атады

30.01.2022 22:40

Терапевт ауру белгілері сауыққаннан кейін де сақталуы мүмкін екенін ескертіп, организмге "өз-өзіне келуге" уақыт беру қажет екенін айтты

ашық дереккөз

"Омикрон" штамын жұқтырған адамның жиі басы ауырып, әлсіздік сезінеді. Бұл туралы дәрігер-терапевт Марина Астафьева мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik сайтына сілтеме жасап. 

"Кез келген вирус клеткаға түскеннен кейін ағзаны улай бастайды. Біз бірден әлсіздік, шаршаңқылық, буын ауруы мен бас ауруын байқаймыз. Денеміздің кез келген мүшесі ауыруы мүмкін", – деп түсіндірді ол "Звезда" телеарнасына берген сұхбатында.

Дәрігер сырқаттану белгілері сауыққаннан кейін де сақталуы мүмкін екенін ескертті. Сондықтан организмге "өз-өзіне келуге" уақыт беру қажет.

Бұған дейін Ресей ғылым академиясының академигі Геннадий Онищенко "омикронды" тест тапсырмай-ақ бірнеше белгі бойынша анықтауға болатынын айтқан еді.